Курс жұмысының көкейкестілігі: Қазақ тілін оқыту методикасы – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен білу беру арқылы оқушының өзін қоршаға көз қарасын қалыптастырады. Сонымен бірге методика мұғалімді педогогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге сабақ берудің тиімді әдіс тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.