Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я əр түрлі дəрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде жеке-дара тұлға есебінде қолданылмай, тек мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жəрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз. Көмекші сөздер ең алдымен атаушы көмекшілер жəне шылаулы көмекшілер деген екі топқа бөлінеді.