Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға – етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені кейінрек көрсетілетіндей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді т.б.