Лингвистикалық және стилистикалық талдаулар көркем шығарманы түсініп оқудың жоғары мәдениетін қалыптастырады.Көркем тундыны ой мен сезім арқылы белсенді қабылдауға, оқырманды суреткермен бірге толғантып, көркем обрызды бірге сомдауға баулиды. Сонымен қатар оқушының жалпы тілдік мәдениетін көтереді, тілдік құбылыстарға сергектігін артырады. Көркем шығарманы өнер туындысы ретінде қабылдап, эстетикалық сезім – талғамының ұшталуына жәрдем деседі.