Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта–ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты проблемалық жолмен қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; проблемалық ойын жеткізуде ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру, өзіндік пікірлеуге жетелеу болып табылады.