Халыққа өзiнше қызмет қылған адам кәмiл тоқтайтын кiсiлiк жасына жеткенде, сол кiсiнiң халыққа iстеген қызметтерiнiң қандай екенiн бастан-аяқ баяндап отыру әр үлгiлi халықтың әдетi», деген едi Сәкен Сейфуллин. Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кiсi емес, оқыған кiсi, оқығандардың арасынан өз заманында патшаның арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кiсi.